cialis
тарихы
logo
Абай облысы ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

Мектеп тарихы

      Семей қаласындағы ШҚО білім басқармасының «№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ негізі 1979 жылы қаланды. Бұл Шығыс Қазақстан ауданындағы көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы орта білім беретін жалғыз білім ордасы. Мектепті ашуға ұсыныс білдірген офтальмолог Қаратыш Людмила Павловна болды. Үнемі көз жанарын түзетуді, кейіннен үлкен шрифтті арнайы кітаптармен оқу және оқытудың ерекше әдістемесін қажет ететін балалар саны өте көп болды. Осылайша, 1979 жылдың тамыз айында нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат ашу шешімі қабылданды. Аманова 127 көшесіндегі  ескі екі қабатты ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сынып бөлмелері, жатын бөлмелер, асхана және дәрігерлер бөлмесі жабдықталып, дайындалды. 1979 жылдың 15 қазанында мектеп-интернаттың ашылуы болды. Жылдың басында оқушылар саны 15 болса, жылдың соңында 75 оқушы болды.
   Мектеп-интернатта көру патологиясы әртүрлі – туа біткен қиын формалардан пайда болған өзгерістерге дейін 152 оқушы білім алуда.
Оқу ортопедиялық және физио кабинеттерінде емделумен қатар жүргізіледі. Оқушылар үшін мектепте 25 сынып бөлмесі, 12 жатын бөлмесі, психолог, көру қабылдауын түзеті, емдік дене шынықтыру бөлмелері, жаңа техникамен жабдықталған кір жуатын бөлме, асхана, дәрігерлік кабинет, кітапхана және акт залы жұмыс жасайды.
2001 жылдан бастап мемлекеттік тілде оқыту сыныптарына балалар қабылдануда. Мектеп-интернат ұжымының басты міндеті:
- қалған көруді сақтап қалу;
- өмір шарттарына оқушылардың тезірек үйрену және бейімделуіне бағытталған түзету жұмысы.
     Мектеп-интернат ұжымы үнемі жұмыстың жаңа әдістері мен үлгілерін іздестіреді, жаңа ғылыми жобаларды қарастырады, тифлопедагогика жақсы дамыған мемлекеттерден мамандарды тартуға тырысады. 2012 жылы Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасы үкіметінің халықаралық қарым-қатынас және дамыту бойынша Түрік басқармасы Өкілеттілігінің ұйымдастыруымен Анкара және Семей қалалаларында тифлопедагогикадан біліктілікті жоғарлату курстары ұйымдастырылды.
Біздің оқушылар – белсенді, әрі өнерлі балалар, олар облыстық және республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық шығармашылық көркемөнерпаздар байқауларына (әндер, билер), спорт жарыстарына, пән олимпиадаларына қатысады.
     2013 жылы біздің оқушылар Варшава қаласында өткен «Зияткерлік марафон» халықаралық олимпиадасына қатысып, топтық 3 орынды иеленді. 2013 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Зияткерлік марафон  - Білімділер» республикалық олимпиадасында Самарханов Дамир жеңімпаз атанды. Мектепте үстел теннисі, «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны, шахмат және шашкиден спорттық секциялар жұмыс жасайды. Домбыра, вокал, баянда ойнау, би, «Шебер қолдар», «Жас суретші» үйірмелері жұмыс істейді. Біздің балалар шашки, шахмат және тоғызқұмалақтан облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындар алады. Қазіргі уақытта мектебіміздің төрт оқушысы тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан спорт шебері атанды: Ргайтенова Маржан, Самарханов Дамир, Көккөзов Айдос, Рахимжанова Эльвира.
«Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалінде мектеп-интернат оқушылары түрлі: домбыра, би, біртума жанрларында бірнеше рет 1-2-3 орындар алды.

Оқушылар контингентің сақталуы және өсуі мектеп - интернаттың табысты жұмыс көрсеткіші болып табылады. Соңғы үш жылда оқушылар құрамынның өсуі байқалады. Сыныптардың толық екенін атап өтуге болады.
ҰБТ нәтижелері тұрақты. Соңғы үш ай ішінде ҰБТ сынағында орташа баллдың өсуінен, білім сапасының жоғары екенін байқалады. Барлық оқушылар қажетті шектен жоғары балл жинады. Біздің оқушылар 2004 жылдан бастап ҰБТ тапсырады. Айтарлықтай өсу көрінеді. 2004 жылы орташа балл– 60,1, 2018 ж. - 115,5.

Тестілеу түлектердің оқу жетістіктерінің деңгейін және педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Пәндер бойынша білім сапасы ҰБТ -ның сынама тестілеудің нәтижесі 100% - ды құрайды .
Мемлекеттік грант иегерлері де бар.
2008-2018 жылдар арасындағы ҰБТ қортындысының көрсеткіші.