cialis
Тәрбие жұмысы
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының міндеттері

1. Тәрбие жұмысының  құндылығы тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасап,өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі дамытуға өзін-өзіне талдау жасауға негізделеді.
2. Тәрбиешінің әдістемелік шеберлігі тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде нәтижелі шешімдер қабылдап, нақты толық тәрбие іс әрекетін жүзеге асыруда жетіледі.
3. Әр оқушының қабілетін анықтау және дамыту, орта мектепте оқу барысында сапалы білім базасын меңгерген рухани бай, ерікті, дені сау тұлға қалыптастыру.
4. Мүмкіндігі шектеулі оқушылырдың дамуын әлеуметтендіру, заман талабына сай өмір сүруге дайындау.
5. Дайындық кезеңінің сапасын арттыра отырып  ҰБТ-ге нәтижелі, жоспарлы дайындық жұмысын қамтамасыз ету.
6. Топтарда тәрбие жұмысын өткізуде ақпаратты технологияларды қолдану.
7. Ұйымшыл оқушылар ұжымын қалыптастыру мақсатында жүйелі тәрбие жұмысын құрастыру.
8. Білім беру мен тәрбие саласының қолжетімді сапасын және тиімділігін оңтайлы ұштастырып, денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру.

Тәрбие жұмысы  мектеп-интерната  10 бағытта жұмыс жүргізіледі:

1.    Мемлекеттік  тіл мен нышандарды насихаттау.
2.    Рухани әдептілік  тәрбиесі.
3.    Патриоттық тәрбие.
4.    Құқықтық тәрбие.
5.    Көркемдік шығармашылық  және эстетикалық тәрбие.
6.    Еңбек тәрбиесі және мамандыққа бейімдеу.
7.    Экологиялық  тәрбие.
8.    Салауатты өмір салтын насихаттау.
9.    Техника қауіпсіздігі және балаларды жол апатынан сақтау.
10.    Діни экстримизімнің алдын алу.