cialis
Негізгі бөлім
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

 

Құрметті сайт қонақтары!
      ШҚО ББ Семей қаласы  «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! 
   Бұл сайт біздің білім ордамыз және  мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден мектеп жоспары, тарихы, әдістемелік жұмыстары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, түлектер жөніндегі ақпараттар, фотосуреттер т. б. соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.Сіздермен алыс  қашықтыққа қарамастан интернет арқылы  әрқашан байланыста бола аламыз. Біз әрбір сайт қонағына қуаныштымыз.  Мектеп-интернат  және сайт туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.  Сіздердің қызықты ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

"Корни травы" жобасының аяқталуы

     2021 жылдың 29 қыркүйегінде Жапония Үкіметі қаржыландырған "Корни травы" жобасының аяқталуына орай, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ямада Джун, Иватарэ Отароның екінші хатшысы, атташе Екоэ Томоя, үйлестіруші Мацумото Акира, Семей қаласы әкімнің орынбасары Садырбаев Айдар Серказынович, Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Уйсумбаева Жанна Куатовна, "Отбасы Орталығы" ҚҚ директоры, №3 арнайы мектеп – интернатының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жибраева Жанна Жагыфаровна келді.

    Осы жоба  бойынша 5 514 000 теңге (16 709 АҚШ доллары) сомасында грант иеленіп, офтальмологиялық кабинетті медициналық  құрылғылармен жабдықтауға мүмкіндік берді, бұл көз ауруларының ерте диагностикасын, алдын алуға ықпал етеді және тексеру кезінде балаларға жайлылық тудырады. 

       Қонақтар мектептің медициналық, материалдық - техникалық базасымен және оқу - тәрбие үрдісімен,  сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне, үйірме жұмыстарымен танысты. Оқушылар қонақтарға ризашылықтарын  концерттік нөмірлер орындап, өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын табыс етті.

 

WhatsApp-Image-2021-09-29-at-12.26.18