cialis
Негізгі бөлім
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

 

Құрметті сайт қонақтары!
      ШҚО ББ Семей қаласы  «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! 
   Бұл сайт біздің білім ордамыз және  мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден мектеп жоспары, тарихы, әдістемелік жұмыстары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, түлектер жөніндегі ақпараттар, фотосуреттер т. б. соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.Сіздермен алыс  қашықтыққа қарамастан интернет арқылы  әрқашан байланыста бола аламыз. Біз әрбір сайт қонағына қуаныштымыз.  Мектеп-интернат  және сайт туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.  Сіздердің қызықты ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

Калейдоскоп бояулары

     «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де түзету- дамыту пән бірлестігінің  04.10.21- 08.10.21ж. аралығында «Калейдоскоп бояуы»  тақырыбында апталық өтті. Калейдоскоп - түрлі-түсті өрнек тамашалайтын оптикалық құрылғы атауы, сондықтан  көру қабілетінде ауытқуы бар  балалар бойынан да керемет  қабілеттің орын алуымен  үндескендей әсер қалдырады.                                                            Жоспары бойынша  ашық сабақтар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум, презентациялар, викториналар, конкурстар, әңгімелер, көрмелер, ойындар тағы басқа  іс-шаралар өткізілді.                                                      

   Емдік дене шынықтыру пән мұғалім С.С. Балықбаев 2 "Б" сыныбында "Тыныс алу жаттығулары" тақырыбында қызықты сабақ өткізді. Балалар тыныс алу мүшелері мен пульстің жұмысын жақсарту, сондай-ақ кеуде қуысының бұлшықет аппаратын нығайту үшін арнайы, жеңіл тыныс алу жаттығуларын жасады.                                                                                  

WhatsApp Image 2021-10-19 at 20.58.57    WhatsApp Image 2021-10-19 at 20.58.58

 

  8 "А" сыныбында бейімді дене тәрбиесінен мұғалім С.М.Қажановтың  оқушыларды жалпы дамыту, тыныс алу жаттығуларын, сондай-ақ гимнастикалық таяқшалар мен доптарды қолдана отырып  өткізген сабағы да  қызықты және өте мазмұнды .  

WhatsApp Image 2021-10-19 at 20.59.14   WhatsApp Image 2021-10-19 at 20.59.14 1

    Түзету ырғағы пәнінен 4 «Б» сынып оқушылары үшін Степанова Н.К. "Жалпы дамыту қозғалысы" тақырыбында өткізген ашық сабақ балалардың эстетикалық, шығармашылық қабылдауының дамуына ықпал етті.   

                 WhatsApp Image 2021-10-19 at 20.59.36          WhatsApp Image 2021-10-19 at 20.59.35 

 

    Мұғалім-дефектолог Ж.Ж. Базарбаева 2 "Б" сыныбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Оқушылар ойын түрінде заттардың атауларындағы алғашқы дыбысты анықтау, тиісті әріпті табу, берілген дыбыспен сөздерді атау қабілеттерін нығайтты. Шараның сценарийі бойынша Клепа есімді ойыншық кейіпкер оқушылармен бірге ойын ойнап, жұмбақтар шешіп, іс-шараның соңында балаларға тәтті сыйлықтар берді.

 WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.00.08          WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.00.09 1 

     Дефектолог-тифлопедагог Асанова Р. М. сабағының мақсаты геометриялық пішіндер мен заттардың тактильді қабылдауын дамыту болып табылады. Сабақтың тақырыбына сәйкес балалар өздеріне таныс геометриялық пішіндер мен заттарды қайталап, "Жұбын тап", "Қандай пішін артық", "Сенсорлық дорба" және т.б. ойындарда анықтады.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.00.33     WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.00.34     

      К.Н.Акжигитованың "Салауатты болуға үйрен" тақырыбындағы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағында оқушылар кішкентай зертханашылар рөлінде, зиянды және пайдалы тағамды анықтау мақсатында түрлі тәжірибелер жасады.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.00.56    WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.00.57 

   Б.Т. Смаилованың "Мимика және пантомимиканы дамыту" сабағында оқушылар "Сезімдерді тану, атау, сипаттау "тақырыбын зерттеді. Балалар мимикалық және пантомимикалық қозғалыстар мен берілген этюдтарды қызығушылықпен ойнады.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.01.40

  12 "А" сыныбында педагог-психолог Рамазан Ә.Е. "Мен және менің мамандығым"тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Оқушылар болашақ мамандықты таңдауға бағдар алып, әр түрлі өмірлік жағдайларды талдады. 

WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.04.12  WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.04.12 1

     8 "Б" сынып оқушыларының микро және макро кеңістігінде тактильді қабылдау мен бағдарлауды дамытуға оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының арқасында қол жеткізілді. Мұғалім-дефектолог Б.К. Алпыспаева сабақтың әр кезеңін нақты ойластырып, балалардың қоршаған әлемді тактильді қабылдау арқылы біліктері мен дағдыларын нығайта алды.

 

WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.07.09           WhatsApp Image 2021-10-19 at 21.07.09 1

   Апта күндері қызықты, әсерлі, калейдоскоп өрнектеріндей түрленіп, құнды сабақтар мен іс-шараға айналды.