cialis
Негізгі бөлім
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

 

Құрметті сайт қонақтары!
      ШҚО ББ Семей қаласы  «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! 
   Бұл сайт біздің білім ордамыз және  мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден мектеп жоспары, тарихы, әдістемелік жұмыстары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, түлектер жөніндегі ақпараттар, фотосуреттер т. б. соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.Сіздермен алыс  қашықтыққа қарамастан интернет арқылы  әрқашан байланыста бола аламыз. Біз әрбір сайт қонағына қуаныштымыз.  Мектеп-интернат  және сайт туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.  Сіздердің қызықты ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

XVI Халықаралық «ВІ- JULDUZAI» фестивалінің жеңімпаздары.

   ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған XVI Халықаралық «ВІ- JULDUZAI» фестиваліне онлайн қатысып жүлделі орындарды жеңіп алды.


        11«а» сынып оқушылары Нурсапина Аругүл мен Жомарт Аружанның орындауында «Кумушки» орыс халық биі «Хореография» номинациясы бойынша жүлделі І-ші орынға ие болды. Жетекшісі Степанова Нафиса Казбековна.

 

WhatsApp Image 2021-06-01 at 13.15.04
«Аспапта ойнау» жанры бойынша 10«б» сынып оқушысы Жұмабеков Данияр мен 12-ші сынып оқушысы Ғизатолла Бағдат, Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін орындап ІІІ-ші орынды жеңіп алды.Жетекшісі Сейфуллина Қарлығаш Советовна.

 

WhatsApp Image 2021-06-01 at 13.15.04 1