cialis
Негізгі бөлім
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

 

Құрметті сайт қонақтары!
      ШҚО ББ Семей қаласы  «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! 
   Бұл сайт біздің білім ордамыз және  мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден мектеп жоспары, тарихы, әдістемелік жұмыстары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, түлектер жөніндегі ақпараттар, фотосуреттер т. б. соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.Сіздермен алыс  қашықтыққа қарамастан интернет арқылы  әрқашан байланыста бола аламыз. Біз әрбір сайт қонағына қуаныштымыз.  Мектеп-интернат  және сайт туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.  Сіздердің қызықты ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

«Ана көрген – тон пішер» сайысының жеңімпаздары

    Наурыз айының 1-нен 5 –і аралығында мектебімізде өнер апталығының аясында тәлімгер Б.С. Байгереев «Ана көрген – тон пішер» аналар мен қыздар сайысын ұйымдастырды. Сайыс шарты бойынша анасы мен қызы ас мәзірін, өнерлерін, қолөнерін көрсетіп, видеоролик дайындап, @zhasulan_3sh инстаграм парақшасында жарияланды. Жеңімпаздар лайк саны бойынша анықталды. 8"А" сынып оқушысы Слямбекова Елдана бас жүлде " PANE" отбасылық мейрамханасына мерекелік сертификат, Тунгатова Ботагоз 11 "А" 1-орын, Төлубек Аружан 2-орын, 7 "А" Қалқаманова Мерей 3- орынды жеңіп алып, мақтау қағазымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Аналар мен қыздар іс-шараға өте белсене қатысып, апталық өз мәресіне жетті.
Демеушілеріміз "PANE" отабасылық мейрамханасына және"Ерсұлтан" шаруашылық қожалығына алғысымызды білдіреміз.

 

 

IMG 20210311 155631 IMG 20210311 160126 IMG 20210311 152120