cialis
Негізгі бөлім
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

 

Құрметті сайт қонақтары!
      ШҚО ББ Семей қаласы  «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! 
   Бұл сайт біздің білім ордамыз және  мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден мектеп жоспары, тарихы, әдістемелік жұмыстары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, түлектер жөніндегі ақпараттар, фотосуреттер т. б. соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.Сіздермен алыс  қашықтыққа қарамастан интернет арқылы  әрқашан байланыста бола аламыз. Біз әрбір сайт қонағына қуаныштымыз.  Мектеп-интернат  және сайт туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.  Сіздердің қызықты ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

"Жас дарын" байқауының жеңімпаздары

    Қаңтар айында республикалық "Жас дарын" дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен "XXI ғасыр көшбасшысы" атты республикалық қашықтан балалар байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен көптеген балалар бейнероликтерін жіберіп, өнерлерімен тәнті етті. Біздің интернатымыздың тәрбиеленушілері Какенов Ернур, Жанузакова Жанель, Сымағұлұлы Дәулет "Эстрадалық ән" номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, 1-ші орын иеленді. Көркемдік жетекшісі Жапашева Асель Нұрмұхамбетовна мен шәкірттеріне жеңістеріңіз құтты болсын, алар асуларыңыз мол болсын деп тілейміз!

 

        WhatsApp Image 2021-02-17 at 12.48.43   WhatsApp Image 2021-02-17 at 12.48.43 1  WhatsApp Image 2021-02-17 at 12.48.44