cialis
Негізгі бөлім
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

 

Құрметті сайт қонақтары!
      ШҚО ББ Семей қаласы  «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! 
   Бұл сайт біздің білім ордамыз және  мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден мектеп жоспары, тарихы, әдістемелік жұмыстары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, түлектер жөніндегі ақпараттар, фотосуреттер т. б. соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.Сіздермен алыс  қашықтыққа қарамастан интернет арқылы  әрқашан байланыста бола аламыз. Біз әрбір сайт қонағына қуаныштымыз.  Мектеп-интернат  және сайт туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.  Сіздердің қызықты ұсыныстарыңызбен ескертулеріңізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЖЕҢІС ХАТЫ» БАЙҚАУЫ

Байқау мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың назарын Ұлы Отан соғысы оқиғаларына аудару.Байқау 5-11 сыныптар арасында өтеді. 

ҰОС қатысқан өзінің отбасы мүшелеріне «өткенге хат» жазу керек. Хатта ҰОС- ң қаhармандарына алғыс айтып, соғыс туралы естеліктердің сақталуына өзінің қандай үлес қосып жатқаны жайлы жазуы тиіс. 

Жұмыстар 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Қорытындысы 2 мамыр күні шығады. 

Жеңген жұмыстарды  2 мамыр күні Instagram  әлеуметтік желісіндегі ұйымдастырушылардың ресми аккаунты @zhasulan_3 ami жариялаймыз.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Жауапты: аға тәлімгер Арайлым Ғалымжанқызы

WhatsApp номер: 87784854552

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.