cialis
Директор
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

Мектеп директорының

1dir

Плошенко Валентина Ивановна- мектептің бірінші директоры, талантты еңбекқор басшы, аз уақыттың ішінде берілген мекемені жөндеуден өткізіп, оқушыларды қабылдауға дайын болды. Жұмысқа қабілетті мұғалімдер ұжымын ұйымдастырып, жаңадан келген ұстаздарға мектептің салт-дәстүрлерін үйретті.

2dir1984 жылы мектептің директоры болып Ляхов Валентин Николаевич тағайындалып, жаңа ғимараттың құрлыс жұмыстары басталып кетті. Валентин Николаевич – зиялы, әрі кеңпейілді шығармашыл адам. Көркемөнерпаз байқауларының белсенді қатысушысы.

3dirЖанбаев Кенжол Төлешұлы – жігерлі, мінезі жайсаң адам. Балалар ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болып, олардың сүйікті қамқоршы болды. Қайта құрудың қиын кезеңінде Кенжол Төлешұлы кір жуу, асхана, ортоптикалық бөлімдерін жабдықтау үшін қаражат тауып, көп еңбек сіңірді.

4dirІскер, ықыласты, үлкен ұжымды шеберлігімен басқара білген Калигожин Акрам Асемханұлы 1996 жылдың желтоқсан айынан бастап директор қызметін атқарады. Акрам Асемханұлы педагогикалық ұжымға кәсіптік шығармашылығын жетілдіруге жан-жақты жағдай жасап, мектепке заманауи дизайнды пайдаланып, үйдегідей тұрмыстық қалайлы орта ұйымдастыра білді.