cialis
Біз туралы
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

Біз туралы

 

Директор

Калигожин Акрам Асемканович

Жобалық қуаты:                    

120 оқушы

Жалпы көлемі:

2791 ш.м.

Құрылу мақсаты:

 көру қабілеті бұзылған балаларды қамту

Тәрбиеленушілердің контингенті:

Барлық оқушылар саны – 162. Мектеп-интернатта туа біткен  және жүре пайда болған әр түрлі көз ауруларына шалдыққан балалар оқиды. Нашар көретін  балалардың   көру өткірлігі жақсы көретін көзде түзетумен (көзілдірік,линза) 0,05 тен 0,3 дейін, көру өткірлігі жоғары бірақ басқа көру функциясының бұзылған (көру өрісінің тарылуы, глаукома, көру жүйкесінің артрофиясы, тордың пигменттік бұзылуы, тордың жарылуы және т.б.

Міндеттері:

 Оқушылардың қалған көру қабілетін сақтау, жедел  оңалтуға және өмірге бейімдеуге бағытталған түзетушілік жұмыс жүргізу.

 

Оқу-материалдық активтер

№3 мектеп – интернат 2 қабатты ғимаратта орналасқан, жылы өткел арқылы жалғанған 2 корпустан тұрады. Ғимарат 1949 және 1987 жылдары салынған.  Қоршалған,көгалдандырылған аумақтың жалпы көлемі  0,494 га. Аумақ шаруашылық-тұрмыстық және демалыс аймақтарына бөлінген. Жер телімінің ауданы 1 оқушыға 32 шаршы метрден. Ғимарат орталық  жылумен, сумен, электрмен, кәрізбен қамтамасыз етілген .

   Мектеп бөлмелерінің жалпы ауданы 2791 ш.м., жұмыс ауданы 1893 ш.м. оқу ауданы 639,1 ш.м. Жалпы 1 балаға  4,0 ш.м. тиесілі.  Жиынтығы 25 оқү бөлме, 2  қазақ тілі, 2 орыс тілі, интернет желісі қосылған 1 математика және география кабинеттері , 1 компьютер сыныбы, 1 тарих, ағылшын тілі, музыка, өзін-өзі тану, 2 технология , бастауыш мектеп кабинеттері, жатахана ,асхана, кір жуатын бөлме, медпункт, санитарлы-тұрмыстық мақсаттағы  және қосалқы бөлмелерден тұрады. Жоба спорт залымен қамтылмаған. Дене шынықтыру сабағы келісім – шарт негізінде № 25 ЖОББ метептің спорт залында өтеді.  Бірінші қабатта оқушылар үшін тренажер залы жабдықталған, 30,0 ш.м. алты тренажерға.

    Барлық оқү кабинеттері табиғи және жасанды жарықтандырылып, люминесцетті, жарықдиодты шамдар  орнатылған.




Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры.

 

 

Кітапханада электронды оқулықтар мен кітаптар қоры  бар.
Ол– 85 атау, 128 дана.
Кітапхана  2 - компьютер, 2- принтер (1 Брайль шрифтпен), сканер, оқитын машина, электрондық ұлғайтқыш құрылғы, 2- электронды лупалар, 5 -лупа жол, 2 - лупа жарығымен қамтылған.

Мекен-жайымыз: ШҚО, Семей қаласы, Жанатайулы көшесі 127а
Телефон:
Қабылдау бөлмесі: 8-7222-51-41-21
Оқу бөлімі:  8-7222-36-09-84
Вахта: 8-7222-51-48-06
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бізге келесі маршруттағы автобустармен жетуге болады: 35,12,23,39,1,5