cialis
Қамқорлық кеңес
logo
ШҚО ББ "№ 3 арнайы
мектеп-интернаты"
КММ Семей қ.

Қамқорлық кеңес

         2020 жылдың 28 қаңтарында Семей қаласының ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп - интернаты» КММ –де қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А.Бурова Шығыс Қазақстан облысының Семей департаменті юстиция басқармасының 2019 жылдың 30-желтоқсанына тіркелген, 2020 жылдың 14-ші қаңтарында №1 бұйрықпен бекітілген ШҚО ББ «№ 3 арнайы мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысымен қатысушыларды таныстырды.

Мекеменің директоры А.А.Калигожин қамқоршылық кеңесінің мүшелерін мектеп-интернаттың күн тәртібіне енгізілген жаңалықпен таныстырды. 2020 жылдың қаңтар айына дейін тәрбиеленушілер 5 уақыт тамақтанса, енді 6 рет тамақтандырылуға көшкені жайлы айтты. Яғни, сағат 19:00 –де кешкі тамақ берілген соң, сағат 20:30-да ұйықтар алдында екінші жеңілдетілген тамақтандыру енгізілдірілгені және оқушылар, ата-аналар да тарапынан қолдау тапқаны жайлы айтылды.

       Дәрігер-офтальмолог Греза С.Э және дефектолог мамандары «Мен әлемді қалай көремін» практикалық семинар өткізді.