Сәуір айының 24 -і күні Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сынды спорт түрлерінен ашық қалалық фестивалі өтті. Біріншілікке біздің мектеп-интернат оқушылары да қатысты. Интернатымыздың 13 оқушысы 4 спорт түрінен бақтарын сынап, 11 оқушымыз жүлделі болып оралды.
2022 жылдың 13 сәуірінде №3 мектеп-интернатының оқушылары Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына барды. Аталған іс-шара "Дара" жеке қоры мен "Gala translations"фирмасының арқасында жүзеге асырылды. Оқушылар танымал суретшілердің тактильді шығармаларымен танысты. Балалар ұлы өнер туындыларынан үлкен қуаныш сезінді.
№3 мектеп-интернаттың оқушылары әр суретшінің идеялары мен көзқарастарына еніп, саусақтарының ұшымен бояулар мен түстерді сезе алды. Әрбір бөлшегінде халқымыздың тарихымен тікелей байланысы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары да балалардың жүрегінде өшпес із қалдырды.
Ақпан айының 21-нен 26 – ы аралығында қазақ тіліндегі гуманитарлық бағыттағы пән әдістемелік бірлестігінің «Білім жолы-дара жолы» тақырыбындағы апталық терең мзмұнды да, мағыналы өтті. Апталық барысында пән бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтарды түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білімді жетік меңгеруіне көңіл бөліп, пәнге қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді. Әр пән мұғалімі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген әр сабақ өзінің құрылымен, мазмұнымен ерекшеленді. Жоспар бойынша өткізілген іс-шараларда мұғалімдердің тәжірибелілігі, оқушылардың шығармашылық қабілеттері айқын көрінді.